14
апрель
2026
Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына!Коммунальное государственное учреждение“№209 мектеп-гимназиясы” КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы 25 май – соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңіне, оның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештеріне қатысты Білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шараларын өткізу туралы төмендегідей мәлімдеме жасады.
«Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады»;
Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.
Мектепішілік №241 ақша жинауға тыйым салу туралы 2026 жылғы 14 апрельдегі бұйрықтың негізінде ескертіледі:
1. Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
2. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді мектепке шақыруға болмайды.
3. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
4. Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға және қаражат жинауға тыйым салынады.
Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты. Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
*“№209 мектеп-гимназия директоры Молдабаева Г.Ж.