Аттестация бойынша
2025 жылғы 23 октябрь күні мектебіміздің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Амутова Кальбинур Шахмуратовна биылғы оқу жылында аттестациядан өтуге өтініш берген мұғалімдермен түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 февральдағы №32 бұйрығы негізінде педагогтердің аттестациядан өту тәртібі мен талаптары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар мұғалімдерге құжаттарды рәсімдеу, портфолио дайындау және бағалау