9 май — Жеңіс күні қарсаңында мектебіміздің ұжымы ерекше тарту
9 май — Жеңіс күні қарсаңында мектебіміздің ұжымы ерекше тарту жасады. Сұрапыл соғыс жылдарындағы қаһарман аға-апаларымыздың рухына тағзым ету мақсатында 100-ге жуық ұстазымыз бірігіп, салтанатты хор шырқады. Бұл ән — бейбіт күнді сыйлаған ардагерлерімізге деген шексіз алғысымыз бен құрметіміздің белгісі. Ұстаздар дауысымен өрілген патриоттық әндер мектеп қабырғасында асқақтап, әр жүректі тебірентті. Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Жеңіс мерекесі құтты болсын! 🇰🇿✨