“Ділмар” үйірмесі мектебімізде қонақта
@dilmar_kluby Февраль айының сегізінші жұлдызында “Ділмар” үйірмесі мүшелерімен бірге #209 мектеп-гимназиясында @209school.almaty “Шешендік өнер - ұлттық құндылық пен ұлттық әдебиетінің қайнары” тақырыбында әдеби-сазды, рухани кеш өтті. Мектеп ішіне кіре берісте оқушылар және ұстаздар Алаш ұранын жалынды түрде айтып қарсы алды. Осы көрініске куә болып, өзіміздің де өнерімізді паш етуге деген шабыт һәм құштарлық арта түсті. Мектептің мәжіліс залында көптеген оқушылар мен мұғалімдер күтіп отыр