«Табысты Мектеп»
2024 жылғы 15 қарашада сағат 15:00-де № 209 мектеп-гимназиясында Қазақстанда монеталардан салынған алғашқы ескерткіштің ашылуы өтеді. «Табысты Мектеп» жобасы аясында оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар 50 теңгелік 15 000 монетадан пирамида жасау үшін күштерін біріктірді. Бұл ескеркіш тек сәулет өнерінің жетістігі ғана емес, сондай-ақ табысқа ұмтылудың, бірліктің және жарқын болашақ білімінің символы болады.