15
ақпан
2023
Бүгін мектебімізде қазақтың жез таңдай әншісі Роза Бағланованы еске алу мақсатындағы «Аты аңызға айналған ару » атты концерт өтті. Музыка пәні мұғалім

Бүгін мектебімізде қазақтың жез таңдай әншісі Роза Бағланованы еске алу мақсатындағы «Аты аңызға айналған ару » атты концерт өтті. Музыка пәні мұғалімдері Роза Тәжібайқызының орындауындағы тамаша әндерді орындап, халықтың әншіге деген сағынышын үдете түсті. Қазақ өнерінде қайталанбас із қалдырған тарихи тұлғаны еске алуға арналған шарада Роза Бағланованың әндерін оқушылар да шырқап, арнайы театрландырылған көрініс те көрсетті. Айта кетейік, Роза Тәжібайқызы Халық Қаһарманы атағына ие болған Қазақстандағы жалғыз әнші. Ол өмірінің 70 жылынан астамын сахнада өткізіп, әлемнің 50-ден аса елінде болып 25 тілде ән шырқаған."Роза Бағланова-Аңыз адам, қазақ эстрадасының, қазақ өнерінің жұлдызы. Оның есімі ешқашан өшпейді және халықтың жадында мәңгі сақталады. Осындай өнер көрсетіп, осы кешті ұйымдастырғандардың барлығына рахмет", - деп алғысын білдірді мектеп директоры Нұрлан Жұмағазыұлы.
Сегодня в нашей школе прошел концерт памяти казахской певицы Розы Баглановой. Торжественное мероприятие было организовано учителями музыки.
На мероприятии, посвященном памяти исторической личности, оставившей неповторимый след в казахском искусстве, прозвучали песни Розы Баглановой. Наши учащиеся продемонстрировали свои таланты. Они пробудили в зрителях искренние эмоции, вызвали радость и восхищение. Отметим, Роза Тажибаевна - единственная певица в Казахстане, удостоенная звания Халық Қаһарманы. Она провела на сцене более 70 лет своей жизни и пела на 25 языках, побывав более чем в 50 странах мира.
«Роза Багланова – человек-легенда, звезда казахской эстрады, казахского искусства. Ее имя никогда не угаснет и навсегда останется в памяти народа. Спасибо всем, кто подарил такое искусство и организовал этот вечер», - поблагодарил директор школы Нұрлан Жұмағазыұлы.