10
ноябрь
2025
Онлайн сабақ – «Көмек» бағдарламасы аясында



📢 Онлайн сабақ – «Көмек» бағдарламасы аясындаБүгін, 10 ноябрь 2025 жылы, мектебіміздің 6-сынып оқушылары Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері өткізген «Көмек» бағдарламасы бойынша онлайн-сабаққа қатысты.
Сабақ барысында оқушылар төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен, өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету тәсілдерімен және алғашқы көмек көрсету жолдарымен танысты.
Мұндай шаралар оқушылардың өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.