05
февраль
2026
"Шабыт" балалар мен жасөспірімдер байқауы
Республикалық «Шабыт.kz» орталығының ұйымдастыруымен 04.02.2026ж өткен «Шабыт» балалар мен жасөспірімдер байқауына қатысып, «Эстрадалық вокал» жанры бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін 6 «В» сынып оқушысы Турабекова Аяна Маратовна «БАС ЖҮЛДЕ» иегері атанды.Жас өнерпаз 22 май күні Түркия мемлекеті, Анталия қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі – музыка пәні мұғалімі Крыкбаева Джанат Джамакановна.
Дарынды оқушымызға алдағы финалда сәттілік тілейміз, биік белестерді бағындыра берсін!