Мектепке жол акциясы » «№209 Мектеп-гимназия»
Алматы қаласы Управления образованияның
«№209 Мектеп-гимназия»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 320-93-27
Бухгалтерия
+7(727) 320-93-27
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Мектепке жол акциясы
10
июль
2024

Мектепке жол акциясы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 январьдағы №780 Жарлығымен жарияланған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 августында «Мектепке жол» жылдағы қалыптасқан дәсүрге сай республикалық акциясы басталғандығын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытады,оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан отбасыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Алматы қаласының барлық азаматтарына, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар мен балаларға көмек көрсетуде өз үлестерін қосуға шақырамыз!
Барлық сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне жолығуыңызды сұраймыз.

Похожие публикации:

07 февраль 2024 KIVA бағдарламасы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив