10
май
2024
Жеңіс күніне орай өткізілген іс-шаралар

Қазақстанда алғаш рет: Алматы қаласының 209 мектеп-гимназиясының оқушылары тарихи жадыны сақтау жөнінде бірегей акцияны бастады.
Сілтеме төменде
сілтеме
Алматы, Қазақстан (6 май, 2024 жыл)
Біз, Алматы қаласындағы 209 мектеп-гимназиясының оқушылары Ұлы Отан соғысына қатысушылардың тарихи естеліктерін сақтап қалуға бағытталған бірегей акцияны бастайтынымызды мақтанышпен хабарлаймыз. Осы акция аясында біздің мектептің әрбір жоғары сынып оқушысы өздері жасаған VETERANSHISTORYPROJECT
(https://veteranshistoryprojectvhp.wordpress.com/) сайтта мұрағат материалдары мен ақпараттарды пайдалана отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан арғы атасы туралы мақала жазып, жариялайды. Бұл бастама ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтауға және оны болашақ ұрпақтың бағалай білуіне бағытталған. Оқушылар тарихи құжаттар, хаттар, фотосуреттер мен ардагерлер естеліктерін зерттеп, бірнеше сағаттық жұмыс жүргізді. Олардың мақалаларында соғысқа қатысушының өмірбаяны мен әскери жолы туралы нақты ақпарат қана емес, ардагердің отбасылық оқиғалары мен өміріндегі маңызды сәттері, жеке әсері де қамтылатын болады. Бұл акция тарихи жадыны есте сақтауға ықпал етіп қана қоймай, Ұлы Отан соғысының маңызын және ата-бабаларының ерлігінің арқасында келген бейбіт өмірдің бағасын жақсы түсінуіне көмектеседі.
Барлық ниет білдірушілерді осы бастаманы қолдауға шақырамыз. Біз әрбір мақала тарихи жадымызды сақтау және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту жолында кішкентай, бірақ маңызды қадам болады деп сенеміз.