08
ақпан
2024
“Ділмар” үйірмесі мектебімізде қонақта
@dilmar_kluby
Ақпан айының сегізінші жұлдызында “Ділмар” үйірмесі мүшелерімен бірге #209 мектеп-гимназиясында @209school.almaty “Шешендік өнер - ұлттық құндылық пен ұлттық әдебиетінің қайнары” тақырыбында әдеби-сазды, рухани кеш өтті. Мектеп ішіне кіре берісте оқушылар және ұстаздар Алаш ұранын жалынды түрде айтып қарсы алды. Осы көрініске куә болып, өзіміздің де өнерімізді паш етуге деген шабыт һәм құштарлық арта түсті. Мектептің мәжіліс залында көптеген оқушылар мен мұғалімдер күтіп отыр екен. Құлағыма таныс өлең естілді. Орнымызға жайғасып алғаннан кейін қарасам, жаңағы таныс өлең дегенім кіші теледидардан шығып жатыр екен. Қызығы, ол жерде менің арнайы “Бабалар мұрасы” атты шығармашылық байқауға жасаған бейнеролигім көрсетіліп тұр. Осы арқылы менің де жасаған дүнием өзгелерге үлгі болғанына көзім жетіп қуанып қалдым. Күмбірлеген күй тыңдап, алпыс екі тамырымызға қан жүгіріп, құлағымыздың құрышы қанды. #209 мектеп-гимназиясының оқушылары шетінен өнерлі екен, тіпті бізден асып түсті десем қате емес. Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болған Ботабекова Айшат апай шешендік өнерді дамытуға өз үлесін қосу мақсатында арнайы байқау ұйымдастырыпты. Оқушылар шешендік өнерге қатысты арнайы бейнеролик дайындап, қасиетті мұраның нәсихатталуына септігін тигізіп жүр екен. Бейнероликтерын көріп, оқушылардың талабына риза болдық. Ауылдың алты ауызын тамашалап болғаннан кейін үйірме мүшелері де өз өнерін паш етті…