03
сәуір
2023
Мектебімізде «Ғасырдың ғажап үш ғылымы» атты математика, информатика, физика пәндері апталығының ашылуы өтті.
Мектебімізде «Ғасырдың ғажап үш ғылымы» атты математика, информатика, физика пәндері апталығының ашылуы өтті. Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, бейне-таныстырылыммен апталыққа шақыру жолданып, мектеп дәлізінде аталған пәндер бойынша ойын түрлері ұйымдастырылды.
Апталықтың негізгі мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Нақтылықты, дәлдікті қажет ететін пәндер бірлестігі логикалық ойындар ойнатып, әдемі ән-шашу тартты.
Ашылу салтанатын мектеп басшысы Нұрлан Жұмағазыұлы мастеркласс арқылы аяқтады. Қазіргі күрделі де маңызды мәселе, білімнің сапасын арттыру, білім берудегі әдістердің тиімділігі, мұғалімнің бағдары арқылы оқушыны ізденіске шақыру. Осыған орай мысалдар мен даналардың ізінен қалған нәтижелерді айту арқылы, және соны ісжүзінде көрсету арқылы, яғни алып келген жемісті тазартып, қабығын ашып, сүйегін алып дайындап бер
гендей, оқушыға сабақты дайын күйінде емес, өзі түсініп, өзі анықтай алатын, одан қалса өмірде байланыстыра алатындай дәрежеде сабақ өтулерін сұрады және қайталап талап қойды.
Жыл ұстаздарының сабаққа қойған талаптарын тағы ескере кетуді жөн санадық;
1. Сабақ жоспарында осылай сабақ өтілу қажет деп ойға алдыңыз ба, іске асырыңыз. Жоспар/әрекет✅
2. Оқушы - ол айна. Сіз күлсеңіз, ол жыламайды. Сізді қайталайды. Шәкіртіңізден өзіңізді іздеңіз. ✅
3. Оқушыны ізденіске жетелеп отыру қажет. Тіпті, ережеге де сыни тұрғысында қарай отыра, бағынбайтын не болмаса, екінші бір ойды дүниеге алып келе алу керек. Келісу/келіспеу жағы ой тудырады.✅
4. Теория/практика✅
Бала барлық елдің астанасын білуі мүмкін, ең биік нүкте мен ең төмен нүкте, полюс, қай жерде арктикалық белдеу мен шөлейттерді білуі мүмкін, ал сахарада адасқанда су таба алмаса, ол білімі жарамсыз болғаны. Өмірмен байланыстыра оқыту әр сабақта байланысын табу керек.
@alatau_bilim_bolimi @akmurzaevakarlygash @lyazzat__88 @oqu_agartu_ministrligi @edu.almaty