06.02.2023 Бүгін мектебімізде «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы өтті. » «№209 Мектеп-гимназия»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№209 Мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 320-93-27
Есепші бөлімі:
+7(727) 320-93-27
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 06.02.2023 Бүгін мектебімізде «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы өтті.
06
ақпан
2023

06.02.2023 Бүгін мектебімізде «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы өтті.

    • 06.02.2023
      Бүгін мектебімізде «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы өтті. Апталық барысында жас ұстаздарға тәжірибесімен бөлісу мақсатында мектептің шебер, зерттеуші, сарапшы мұғалімдері ашық сабақтар өткізуде. Ал үзіліс сайын қызықты ойындар мен “тез сұрақ жауаптар алаңы” ұйымдастырылды. Қазақи дәстүрде ұлттық астан тарту жасалып, әдемі безендірілген қабырғастендтары мен бейнеролик қосылған тақтада ұйымшыл ұстаздар ұжымының суреті қойылды. Апталықпен тұспа-тұс келген Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ашылуы салтанатында қазақ тілі бірлестігінің жас мамандары ақынның лирикалық өлеңдерінен сыршыл поэзиясын тарту етті.
      Мұқағали Мақатаев қазақ халқына, оның болашағына сенді және оған қажет болуға тырысты. Күнделіктерінде ол: “Менің ойымда бір ғана арман бар. Бұл өз халқыма пайдалы болу” деген болатын. Ақынның өз халқына бере алатын жалғыз нәрсе – ұлттық дәстүр мен ұлттық сананың тереңдігінде туылған поэзия. Міне, Мұқағали халқына сондай поэзия сыйлаған ақиық ақын. Бүгін оқушылар мен ұстаздарымыз ақыннның өлеңдерін оқып, оның шығармашылығына терең үңілді. Біз, педагогтар, балаларды бізге шығармашылық мұра қалдырған осындай ақынмен етене таныстыруымыз керек, – деп атап өтті апталықтың ашылу салтанатында мектеп директоры Нұрлан Жұмағазыұлы.

      Ашылу салтанатының қорытындысы мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Жанар Абытқызының ақынның “Есіңе мені алғайсың” әнін орындауымен аяқталды.

      В нашей школе проходит неделя казахского языка и литературы на тему «Я пришёл в жизнь, чтобы о ней петь», в ходе которой учителя-мастера провели тематические открытые уроки.
      А на перемене организовывались интересные игры и “площадка быстрых вопросов и ответов”. Учащиеся по радио читали стихи. В фойе выставили стенд и подключили интерактив с изображениями сплоченного педагогического коллектива. В мероприятии активное участие приняли и молодые специалисты школы. В честь празднования Дня рождения Мукагали Макатаева, совпавшего с неделей, на открытии молодые учителя выступили с лирическими произведениями поэта на сцене.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив