18
ақпан
2023
Мектебімізде кезекті жалпы ата-аналар жиналысы өтті.






1. Қамқоршылық кеңес мүшелерімен және күн тәртібімен таныстыру. Мектеп директоры Адамов Н.Ж.
2. Оқушылар арасындағы туындаған мәселелер және оны шешу жолдары. ТІЖО Байболаева П.Қ.
3. Буллинг және кибербуллинг. Педагог-психолог Сахидавлетова Б.А
4. Инклюзивті білім беру ерекшеліктері
Арнайы педагог Бауырбек Н.Б.
5. Жалпыға бірдей міндетті білім беру заңының орындалуы. Социолог педагог Иманалиева Г.О
Жиналысты мектеп директоры Нұрлан Жұмағазыұлы бастап, ата-аналар және өзге де адамдардың мектеп ішіне рұқсатсыз кірмеуі, қауіпсіздік туралы, мектептің іші мен құрылымы таныстырылып, жетістіктері аталды, face ID құрылғысы туралы түсінік жүргізілді. Бауыржан Момышұлы: «тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, мектептің тәртібіне бағыну міндеті қойылды.
Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу керектігі жөнінде Перуза Құдайбергенқызы сөз бастап «Балаларыңыз мықты әртіс болар, ақылды ғалым болар, бірақ ең алғашқы тәрбие – сіздерден» деп жақсылыққа, игі істерге шақырды.
Жиналыс барысында, мектеп психологы Сахидавлетова Бекзат бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы толығырақ ашып, ой тастарлық видеороликтер ұсынды.
Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік деп үн салды арнайы педагог Назерке Бауырбекқызы.
учаскесіндегі балаларды және оқушыларды есепке алу, оқуға тарту, жалпыға бірдей білім берумен қамту, ыстық тамақпен қамту, жағдайы төмен отбасыларды анықтау сынды жұмыстар есебі Гүлназ Оразалиевнаның баяндамасынан тыңдалды. 3 сағатқа созылған жиналыста ата-аналар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
@alatau_bilim_bolimi @gani.beisembayev