ІІ тоқсанға жалпы сараптама ретінде педагогикалық кеңес өткізілді. » «№209 Мектеп-гимназия»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№209 Мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 320-93-27
Есепші бөлімі:
+7(727) 320-93-27
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ІІ тоқсанға жалпы сараптама ретінде педагогикалық кеңес өткізілді.
06
қаңтар
2023

ІІ тоқсанға жалпы сараптама ретінде педагогикалық кеңес өткізілді.

06.01.2023Мектепті дамыту бағдарламасы шеңберінде және “ Әлеуметтендіру мектебі, оқушылардың ғылыми- әлеуметтік рөлі мен оқуға деген құштарлығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін мектеп жүйесін құру” жобасын жүзеге асыру мақсатында мектепте “ Оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс білім алудағы жетістіктері және қиыншылықтары” тақырыбында ІІ тоқсанға жалпы сараптама ретінде педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер мен шешімі:
1. Білім сапасы, әр сынып бойынша әр пәннен жоғары не төмен көрсеткіш анықталып, үздік және үлгерімі төмен сыныптар анықталды, алдағы тоқсанда сапа 70%-дан төмен болмауы керектігі тапсырылды.

2. Ұстаздардың кәсіби шеберлігі.
Әр ұстаз жетілдіру курстарына қатысуға, ақпарат құралдарына мақала жазуға, бірнеше ашық сабақ беруге, сабақ жоспары 100% дайын, әр сыныпқа индивидуалды түрде жасалуы керектігі жүктелді.

3. Lesson study яғни үлгермеуші оқушымен жұмыс, және дарынды оқушылармен жұмыс.
Танымдық деңгейі жоғары оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыру бағытындағы кезеңдер басшылыққа алынып, жүйелі жұмыс жүргізу директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Б. Айтбайқызына жүктелді.

Білім сапасы, жалпы рейтинг бойынша директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Айтбайқызы екінші тоқсан қортындысына қарай сыныптар бойынша төмен пайыз көрсеткен пән мұғалімдерімен әдістемелік кеңес өткізілетінін хабарлады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив