“Жеңіс лентасын тағу” » «№209 Мектеп-гимназия»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№209 Мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 320-93-27
Есепші бөлімі:
+7(727) 320-93-27
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жеңіс лентасын тағу”
18
сәуір
2025

“Жеңіс лентасын тағу”

“Жеңіс лентасын тағу” челленджі аясындағы тағылымды шара
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай №209 мектеп-гимназиясының оқушылары “Жеңіс лентасын тағу” атты патриоттық челленджге белсене қатысты.
Аталмыш шара аясында оқушылар Алматы қаласындағы 28 Гвардияшы-Панфиловшылар атындағы саябағына барып, демалушыларды Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Саябаққа жиналған қала тұрғындарына жылы лебіздерін білдіріп, Жеңіс символына айналған ленталарды тақты.
Бұл іс-шара оқушылардың бойына отансүйгіштік, тарихи жадыны құрметтеу мен бейбітшіліктің қадірін ұғыну секілді асыл құндылықтарды дарытуда үлкен рөл атқарды. Жас ұрпақ үшін бұл – тек челлендж ғана емес, елінің тарихына деген тағзым мен ардагерлерге деген алғыс білдірудің белгісі болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив