24
сәуір
2026
Бүгін мектебіміздің қабырғасында «Заң және Тәртіп» тақырыбында мазмұнды аудандық семинар болып өтті.
Семинардың құрметті қонақтары:
* Алатау ауданы білім бөлімінің маманы — Ерасыл Марсұлы;
* Алатау ауданы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.
Іс-шара аясында мектебіміздің білікті ұстаздары 9-сынып оқушыларына арналған ашық сынып сағаттарын жоғары деңгейде өткізді. Оқушылар құқықтық сауаттылық, жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығы жайлы өзара пікір алмасып, құнды мәліметтер алды.
Қонақтар ұстаздарымыздың шеберлігі мен мектептегі тәрбие жұмысының жүйелілігіне жоғары баға берді.
#ЗаңЖәнеТәртіп #АлатауАуданы #БілімБөлімі #АшықСабақ #ТәрбиеІсі #МектепӨмірі