«Берекелі Алтын Күз – 2025» » «№209 Мектеп-гимназия»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№209 Мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 320-93-27
Есепші бөлімі:
+7(727) 320-93-27
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Берекелі Алтын Күз – 2025»
22
қазан
2025

«Берекелі Алтын Күз – 2025»

🍂✨ «Берекелі Алтын Күз – 2025» 🍁🌟
Қыркүйек айында мектебімізде «Берекелі Алтын Күз» тақырыбында 2-11 сынып оқушылары арасында түрлі қызықты сайыстар ұйымдастырылды.
🎨 2-4 сынып оқушылары өз қолдарымен әсем суреттер салып, күзгі жапырақтардан, көкөніс пен жеміс-жидектерден әдемі көрме жасады.
👗 5-6 сынып оқушылары қолда бар дүниелерді пайдалана отырып, ерекше киім үлгілерін дайындап, өз өнерлерін паш етті.
🎬 7-8 сынып оқушылары «Күзгі ғажайып» тақырыбында бейнеролик түсіріп, қиялдары мен шығармашылықтарын көрсетті.
🎭 9-11 сынып оқушылары «Мектептегі күзгі драма» тақырыбында бейнеролик дайындап, өзара бақ сынасты.
🏆 Әр сынып деңгейінде үздіктер анықталып, марапатталып, жоғарғы сынып оқушылары үшін көңілді би кеші ұйымдастырылды.
Осылайша қыркүйек айы мектебімізде мазмұнды да қызықты шараларға толы болып, оқушылар бар ынтасымен өз өнерлерін көрсетіп, барлығымызға керемет көңіл күй сыйлады. 🌟
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив