Жастардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет. » «№209 Мектеп-гимназия»
Алматы қаласы Управления образованияның
«№209 Мектеп-гимназия»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 320-93-27
Бухгалтерия
+7(727) 320-93-27
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Жастардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет.
14
февраль
2023

Жастардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет.

Пікірсайыс деген не? 🟢Пікірсайыс – ойын-сауыққа жақын интеллектуалды ойын. Жастардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет. Ойын жүйелі, қысқа да нақты жеткізуге үйренеді. Өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, оның дамуына үлес қосуға итермелейтін күш.

Пікірсайысшы қандай болуы керек? 🟢

Әдетте пікірсайыс клубына келген жастардың жартысы бір сәтсіздіктен кейін келмей қалып жатады.
Пікірсайысшы кез келген тақырыпты еркін игеріп, өзінің ой-пікірін шешендік қабілеті арқылы көпшілікке жеткізе алатын адам. Олар әрқашан ізденіп жүруі керек. Жапондар өзгелердің қателігінен сабақ алса, біз өз қателігімізден ғана сабақ алатын халықпыз.
Бұл пікірсайысшыға ғана керек қағида емес, өмірдің сынақтарында жеңімпаз болып, тік тұрудың алтын ережесі.

Пікірсайысшы оптимист болу керек пе? 🟢
Адамдар оптимистерді мақтап, пессимистерді жамандап жатады. Бізге бұл екі қасиет те қажет. Мысалы, оптимистер ұшақты жасаса, пессимистер парашют жасады. Оптимистер пайдасын, артықшылығын айтады, пессимистер кемшілігін табады. Пессимистер проблеманы табушы, ал оптимистер оны шешуші. Оптимист ақшасы жоқ бола тұра іс бастап, табысқа жететін, ал пессимист ақшасы бола тұра банкротқа ұшырайтынын ойлап, кештеу қимылдайтын адам. Пессимист – біраз нәрседен хабардар оптимист деген сөз. Біздің бойымызда осы екеуі де болғаны жақсы. Тек бір-бірін толықтырып тұрса ұтылмаймыз.

Қазір ортаға шығып сабақ айта алмайтын, өз ойын толық жеткізе алмайтын балалар бар. Оларға қандай кеңес береміз❓

Кейде балалар сабаққа қанша дайындалып келсе де, ел алдына шыққанда, не айтарын білмей қалады. Ел алдында сөйлеуге қысылатын адамдар бар. Мұндайда үйге берген тапсырманы оқып қана қоймай, түсінікті айтып дайындалу керек. Айнаға қарап отырып, өз-өзіне сабақ айтып берулері керек. Сонда қай жерде сөздер байланыспай қалғанын, қай жерде   дауысты көтеріп айту керек екенін байқайды. Ел алдында сөйлеу мәнері жақсарған сайын оқушы өздігінен еркін, қысылмай сөйлейтін болады🟢🟢🟢
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив