


Бүгін мектебімізде жаңа жыл мерекесі өткізілді. Жаңа жылдық мереке әдеттегідей көңілді, қызықты ұмытылмастай өтті! Мереке қарсаңында мектеп әсем безендіріліп, шырша құрылды. Сынып бөлмелері, дәліздер, спорт зал қабырға газеттерімен, мерекелік суреттермен әшекейленгенде жаңа жылдың жаңа сезім лебі сезілді. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық сынып сағаттар өткізілді. Оқушылар , ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәттілерден таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.Түрлі анимациялық бейнелердің киімін киіп, көтеріңкі көңіл күймен жаңа жылды қарсы алған оқушыларға жыл бойы үлкен жетістіктер, барлық бастамаларына табыс тілейміз !!!